
Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары аясында, ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Мемлекеттік еңбек инспекторы А.Кенжимен «Qaz Foods Trade» ЖШС ұжымымында еңбек заңнамасы талаптарын, оның ішінде еңбек шарттарын рәсімдеу, жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын сақтау, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдарын кеңінен түсіндіру болып табылады.
Кездесулер барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторлары толық жауаптар берді.