«Packaging Systems» ЖШС-де еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кездесу өткізілді

«Packaging Systems» ЖШС-де еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кездесу өткізілді

2026 жылғы 10 маусымда «Packaging Systems» ЖШС-де Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Досанов А.И.-нің қатысуымен еңбек заңнамасы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында еңбек қатынастарын реттеу, еңбек шарттарын жасасу және бұзу тәртібі, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбекақы төлеу мәселелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, сондай-ақ еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, еңбек заңнамасы талаптарын сақтау және еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша ұсынымдар айтылды.

Мұндай кездесулер еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға, еңбек дауларының алдын алуға және кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған