Семинар-кеңес

Семинар-кеңес

2026 жылғы 10 маусымда «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске:

  • мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Ж.Батыров және Е.Г.Найзабеков;
  • Батыс Қазақстан облысының заң консультанттары палатасының мүшесі А.С.Сарсенова;
  • облыстың салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен жауапты қызметкерлері;
  • бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ белсенділері қатысты.

Семинар-кеңес барысында Батыс Қазақстан облысының заң консультанттары палатасының мүшесі А.С.Сарсенова еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторлары семинар тақырыбы бойынша сөз сөйлеп, еңбек қатынастарына қатысты практикалық мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік беріліп, барлық қойылған сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.