Заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау бойынша профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды

Заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау бойынша профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 3 маусым күні, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Д.А.Молдагалиевтің, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, дінтанушы М.Н. Алиасқардың, БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Т.Губашеваның, Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция капитаны Р.Ж.Кумаргалиевтің және «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі Н.С.Бакушеваның қатысуларымен құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстар өткізу мақсатында кезекті ақпараттық-түсіндіру жиыны өткізілді.

Аталмыш жиын барысында:

1) Мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамалардың талаптарын сақтау туралы;

2) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау туралы;

3) Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау;

4) Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу;

5) Мемлекеттік органдарда  әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар мен алдын алу мәселелері кеңінен талқыланып, тиісті заңнама талаптарына сәйкес түсініктер берілді.

Бұдан бөлек, Департамент басшысы А.Досжановпен жиынға қатысушыларға «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту аясында түсініктер беріліп, мемлекеттік қызметтегі заңдылық, жауапкершілік және тәртіп қағидаттары, қызметтік міндеттерді орындау процесінде заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығы және оларға қарсы күрес әдістері сияқты өзекті мәселелерге тоқталып, мұндай жиындардың мемлекеттік қызметтегі мәдениетті қалыптастыруға, қоғам сенімін арттыруға және қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерін тиімді атқаруға септігін тигізетінін атап өтті.

Мұндай  профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.