«Merlion Sicim» ЖШС-де қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері қаралды

«Merlion Sicim» ЖШС-де қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері қаралды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және өңір жұмыс берушілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру аясында 18.05.2026 жылы Департамент маманы «Merlion Sicim» ЖШС-не еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы мәселелері бойынша профилактикалық сапар жасады.

Кәсіпорын басшылығымен және еңбек ұжымымен өткен кездесу барысында келесі мәселелер жан-жақты қаралды:

-Ішкі бақылауды ұйымдастыру: еңбекті қорғауды басқару жүйелерін (ЕҚБЖ) енгізу және әрбір жұмыс орнындағы кәсіби тәуекелдерді бағалау карталарын тұрақты түрде өзектендіру.

-Қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету: сертификатталған арнайы киімдерді, аяқ киімдерді және жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) уақтылы беру, сондай-ақ олардың қызметкерлер тарапынан нақты қолданылуын бақылау.

-Міндетті сақтандыру: қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) шарттарының мәртебесін және өзектілігін тексеру.