
Ағымдағы жылдың 8 мамырында Мемлекеттік еңбек инспекторы «Қауіпсіз еңбек» кезекті профилактикалық іс-шара аясында Орал қаласында орналасқан «Империя потолков» ЖК ұжымында жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында кәсіпорынның жұмыскерлері мен жауапты тұлғаларына қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді. Жұмыс берушінің қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыру, нұсқамалар жүргізу, жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттеріне ерекше назар аударылды.
Профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша жұмыскерлерге еңбекті қорғау талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге және кәсіпорында еңбек тәртібін нығайтуға ықпал етеді.