
2026 жылғы 30 сәуірде өткен кеңесте әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, медициналық жабдықтарды сатып алу рәсімдерін жеделдету, мердігер ұйымдарды облыс аумағында тіркеу, сондай-ақ еңбек қатынастары мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын, қызметкерлерді әлеуметтік кепілдіктермен қамтуды және кәсіподақтардың жұмысын күшейту, сондай-ақ ұжымдық шарттар жасасуға жәрдемдесу жұмыстарын жандандыру қажеттігін атап өтті. Осы бағытта Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен «КПО б.в.» компаниясына әлеуметтік шиеленістің алдын алу, еңбек дауларын жедел шешу, қызметкерлердің тұрмыстық жағдайларын бақылау және еңбек ұжымдарымен тұрақты диалог алаңдарын ұйымдастыру бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар, Қарашығанақ жобасы аясында қызметкерлер саны, еңбекақы деңгейі және өзге де негізгі көрсеткіштер бойынша бірыңғай деректер базасын құру, сондай-ақ мердігерлік кәсіпорындардағы конфликтілі жағдайларды ерте анықтау жүйесін енгізу тапсырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен «КПО б.в.» компаниясына нақты тапсырмалар берілді.