
2026 жылғы 24 сәуірде БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Еңбек қатынастарының жай-күйі және еңбек заңнамасындағы кейбір өзгерістер туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Досжанов Асылұлан Тұрсынұлы сөз сөйледі.
Брифинг барысында еңбек саласының өзекті мәселелері қаралды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған қызметтің басым бағыттары белгіленді.
«28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» аясындағы шаралар, ұжымдық шарттарды цифрландыру, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) еңбек шарттарын жасасу, профилактикалық бақылау жүргізу, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамтуды кеңейту, кәсіптік тәуекелдерді бағалау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.