Еңбек заңнамасының негіздері бойынша түсіндіру жұмыстары

Еңбек заңнамасының негіздері бойынша түсіндіру жұмыстары

Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары аясында, ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Мемлекеттік еңбек инспекторы М.Мырзашпен  «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК ұжымымен еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру, оның ішінде еңбек шарттарын рәсімдеу, жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын сақтау, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау мәселелері бойынша кездесулер өткізілді.

Бұл кездесудің  негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдарын кеңінен түсіндіру болып табылады.

Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Мемлекеттік еңбек инспекторы толық жауаптар берді.