Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған айлық аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары «Хлебо-молочной комбинат № 1» ЖШС өндірістік кәсіпорнына барды

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған айлық аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары «Хлебо-молочной комбинат № 1» ЖШС өндірістік кәсіпорнына барды

2026 жылғы 23 сәуірде «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған айлық шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекторлары ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК-ға барып, еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытындағы жұмыстармен танысты.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізіліп, қауіпсіз еңбек талаптарын сақтау жөніндегі заңнама нормалары, сондай-ақ еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Кездесу қорытындысымен, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, басқа қызметкерлерге үлгі болып жүрген кәсіпорынның үш қызметкері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды.