
📢 2026 жылдың 21 сәуір күні «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған айлық шеңберінде Мемлекеттік еңбек инспекторлары «Орал трансформатор зауыты» ЖШС өндірістік кәсіпорнында болып, өндіріс процесімен, еңбекті қорғауға және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған жұмыстармен танысты.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізіліп, қауіпсіз еңбек нормаларын сақтауға қатысты заңнама талаптары мен еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын қамтамасыз етіп, басқа қызметкерлерге үлгі болып жүрген кәсіпорынның техникалық инспекторы мен 2 қызметкері Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаментінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.