«Қауіпсіз еңбек» кезекті профилактикалық іс-шарасы

«Қауіпсіз еңбек» кезекті профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Мемлекеттік еңбек инспекторы «Қауіпсіз еңбек» кезекті профилактикалық іс-шара аясында «Стекло-Сервис» ЖШС өндірістік ұйымында  жазатайым оқиғалардың алдын алу және Қазақстан Республикасы заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында кәсіпорынның жұмыскерлері мен жауапты тұлғаларына қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді. Ерекше назар жұмыс берушінің қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыру, нұсқамалар жүргізу, жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттеріне аударылды.

Профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша жұмыскерлерге еңбекті қорғау талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге және кәсіпорында еңбек тәртібін нығайтуға ықпал етеді.