
Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Мемлекеттік еңбек инспекторы «Қауіпсіз еңбек» кезекті профилактикалық іс-шара аясында Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орналасқан «ИнжТехСервис» ЖШС нысанында жазатайым оқиғалардың алдын алу және Қазақстан Республикасы заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында кәсіпорынның жұмыскерлері мен жауапты тұлғаларына қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді. Ерекше назар жұмыс берушінің қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыру, нұсқамалар жүргізу, жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттеріне аударылды.
Профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша жұмыскерлерге еңбекті қорғау талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге және кәсіпорында еңбек тәртібін нығайтуға ықпал етеді.