
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жыл сайын 28 сәуірде атап өтіледі. Бұл күн өндірісте қаза тапқан немесе жарақат алған жұмысшыларды еске алудың халықаралық күні болып табылады.
Аталған күннің тарихы 1989 жылдан бастау алады. Сол жылы АҚШ пен Канадада кәсіподақтар «Қаза тапқан жұмысшыларды еске алу күні» ретінде алғаш рет өткізген. Кейін, 1996 жылы Халықаралық еңбек ұйымы осы күнді ресми түрде белгілеу туралы бастама көтерді. Ал алғаш рет халықаралық деңгейде 2003 жылы аталып өтті. Бүгінде бұл маңызды күн әлемнің 100-ден астам елінде, соның ішінде Қазақстан Республикасында да кеңінен атап өтіледі.
Осы атаулы күн қарсаңында мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 13-24 сәуір аралығында «Ашық есік күндерін» өткізетінін хабарлайды.
Іс-шара аясында:
- азаматтарды, қызметкерлер мен жұмыс берушілерді қабылдау жүргізіледі, соның ішінде жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, жазатайым оқиғаларды жасыру фактілері;
- еңбек заңнамасы және еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер беріледі;
- еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылады;
- облыстың кәсіподақ ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар өткізіледі.
Барлық ниет білдірушілерді аталған іс-шараға қатысуға және білікті мамандардан кеңес алуға шақырамыз.
Мекен-жай: Орал қ., Н.Назарбаев данғ. 188 үй, байланыс нөмірі: тел.:87112-318561.