
Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Мемлекеттік еңбек инспекторы А.Досанов Орал қаласы прокуратурасымен бірлесе отырып «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы негізінде «Тәуекел» ЖШС ұжымы арасында кезекті кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын бұзудың алдын алуға, сондай-ақ жеке және ұжымдық еңбек дауларын болдырмауға бағытталған.
Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек заңнамасының негізгі нормалары, еңбек дауларын сотқа дейінгі реттеу тәртібі, еңбек қауіпсіздігін сақтау және өндірістік жарақаттардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.