
Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары аясында ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі «enbek_bko» парақшасында Мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Хайруллин «Еңбек шартын жасасу және жалақы төлеу тәртібі» тақырыбында кезекті тікелей эфир өткізді.