Қарашығанақ жобасының мердігер және қосалқы мердігер ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді

Қарашығанақ жобасының мердігер және қосалқы мердігер ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Туйгинбетов пен Е.Найзабеков Қарашығанақ жобасының мердігер және қосалқы мердігер ұйымдары, сондай-ақ Бөрлі ауданының ірі, орта және шағын бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен «Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету: сақтандыру, тәуекелдерді басқару және вертикалды бақылау» тақырыбында кеңес өткізді.

Кеңес барысында қорғау құралы ретінде қызметкерлерді міндетті сақтандыру, кәсіптік тәуекелдерді басқару және заманауи модельге көшу, өзара іс-қимылдың жаңа моделі ретіндегі вертикалды бақылау мәселелері кеңінен түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Мемлекеттік еңбек инспекторлары толық жауаптар берді.