
Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Хайруллин Орал қаласы прокуратурасымен бірлесе отырып «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы негізінде «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» КММ қызметкерлері арасында кезекті кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын бұзудың алдын алуға, сондай-ақ жеке және ұжымдық еңбек дауларын болдырмауға бағытталған.
Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек заңнамасының негізгі нормалары, еңбек дауларын сотқа дейінгі реттеу тәртібі, еңбек қауіпсіздігін сақтау және өндірістік жарақаттардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.