Кезекті «Еңбек шартын жасасыңыз!» іс-шарасы өткізілді

Кезекті «Еңбек шартын жасасыңыз!» іс-шарасы өткізілді

2026 жылдың 19 наурыз күні «Еңбек шартын жасаңыздар!» шарасы аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік еңбек инспекторымен кезекті шағын бизнес саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесулер кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған негізгі орындарда өткізілді, онда «еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын» жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша іс-шаралар талқыланды және еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарға және кәсіпкерлік субъектілеріне еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша жадынамалар таратылды.