
Ағымдағы жылдың 13 наурызында Мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Найзабеков «»Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Қауіпсіз еңбек» тақырыбындағы семинар-кеңеске қатысып, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша оқыту жүргізді.
Іс – шара барысында медициналық ұйымдардың жауапты қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормалары жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, жұмыс берушінің қауіпсіз өндірістік ортаны құру, нұсқама жүргізу, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру және қызметкерлердің білімін тексеру жөніндегі міндеттеріне ерекше назар аударылды.