
Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Найзабеков «AQJAIYQ» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Қауіпсіз еңбек: 2026 жылы заңнамада не өзгереді?» атты бағдарламаға қатысты. Бағдарламаға сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының өкілдері, «БҚО Кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің және басқа да кәсіпорындардың мамандары қатысты.
Тікелей эфир пікірталас форматында ұйымдастырылып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, өндірістегі және мемлекеттік органдардың жұмысындағы түйткілді мәселелер мен кемшіліктер көтерілді.