
Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы А.Батыров Бәйтерек ауданының прокуратурасымен бірлесе отырып «Батыс Пауэр» ЖШС қызметкерлері арасында кезекті кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын бұзудың алдын алуға, сондай-ақ жеке және ұжымдық еңбек дауларын болдырмауға бағытталған.
Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек заңнамасының негізгі нормалары, еңбек дауларын сотқа дейінгі реттеу тәртібі, еңбек қауіпсіздігін сақтау және өндірістік жарақаттардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.