Облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті

Облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні облыс әкімдігінде Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия жұмысына комиссия мүшелері мен облыс прокуратурасының өкілі және жеке сот орындаушысы қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

- Созылмалы жалақы берешектерін өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы;

- Жұмыс берушілердің салықтық және әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық төлеуін қамтамасыз ету мәселесі туралы;

- Облыстық үшжақты комиссия отырыстарында көтерілген мәселелердің орындалуы туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, жауапты тараптарға нақты тапсырмалар жүктелді.