
2026 жылғы 27 ақпанда қалалық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысына жұмыс беруші өкілдері, кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ комиссия мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.
Отырыс барысында «Орал «Зенит» зауыты» АҚ қызметкерлерінің еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі, сондай-ақ кәсіпорындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұйымдастыру мәселелері бойынша жолдаған өтініштері қаралды.
Баяндамалармен жұмыс берушінің өкілі және мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысының орынбасары А.У.Туйгинбетов сөз сөйледі. Ол еңбек заңнамасы талаптарының мүлтіксіз сақталуы мен қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс берушіге еңбек жағдайларын жақсартуға, еңбекті қорғау саласындағы ішкі бақылауды күшейтуге және еңбек ұжымымен сындарлы әлеуметтік диалогты дамытуға бағытталған ұсынымдар берілді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан жағдай бақылауға алынды.