
2026 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, министрліктің аумақтық және ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер қатысты.
Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы мен Үкіметтің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмалары жүйелі негізде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік саясаттың басым бағыттары және еңбек саласын одан әрі жетілдіру тетіктері айқындалды.
Кеңейтілген алқа отырысының қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған нақты міндеттер белгіленіп, оларды іске асыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді