
Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары аясында, ағымдағы жылдың 24 – 25 ақпан күндері Мемлекеттік еңбек инспекторлары Е.Хайруллинмен «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК, А.Бекеновамен «Уральский Тепличный Комплекс» ЖШС, А.Досановпен «СКФ Отделстрой» ЖШС және А.Кенжимен «Жаңақала аудандық ветеринариялық станция» ШЖҚ МКК еңбек ұжымдарымен еңбек заңнамасы талаптарын, оның ішінде еңбек шарттарын рәсімдеу, жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын сақтау, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау мәселелері бойынша кездесулер өткізілді.
Бұл кездесулердің негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдарын кеңінен түсіндіру болып табылады.
Кездесулер барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторлары толық жауаптар берді.