«Зорлық – зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік – жауапкершілік пен корпоративтік мәдениет» тақырыбындағы кезекті кездесу

«Зорлық – зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік – жауапкершілік пен корпоративтік мәдениет» тақырыбындағы кезекті кездесу

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенттері арасында жастар арасында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, еңбекте кемсітушіліктер бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыруға бағытталған кезекті кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Г. Рыскалиева жастар арасында еңбек құқығының бұзылуының алдын алу, кемсітушілікке жол бермеу тақырыптарында, БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Шукеева жастарды отаншылдыққа, патриоттық тәрбие беру, жаңа Конституцияның бағыт-бағдары бойынша, БҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының үгіт-насихат тобының аға инспекторы – полиция капитаны Р.Кумаргалиев жастар арасында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында аталмыш тақырыптар бойынша видеороликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. #Qurmet