
Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері арасында жастар арасында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, еңбекте кемсітушіліктер бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыруға бағытталған кездесу ұйымдастырылды. Шараға оқу орнының оқытушылары мен студенттері, барлығы 100-ден аса адам қамтылды.
Кездесуге Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Г. Рыскалиева қатысып, жастар арасында еңбек құқығының бұзылуының алдын алу, кемсітушілікке жол бермеу тақырыптарында, сонымен қатар БҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының үгіт-насихат тобының аға инспекторы –полиция капитаны Р.Кумаргалиев қатысып, жастар арасында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында аталмыш тақырыптар бойынша видеороликтер көрсетіліп, студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді. #Qurmet