«Қауіпсіз еңбек» профилактикалық іс-шарасы

«Қауіпсіз еңбек» профилактикалық іс-шарасы

🔰 Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Мемлекеттік еңбек инспекторы «Қауіпсіз еңбек» кезекті профилактикалық іс-шарасы аясында «СКФ Отделстрой» ЖШС-нің құрылыс нысанында өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормалары жан-жақты түсіндірілді. Жұмыс берушінің қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыру, қызметкерлерге нұсқама өткізу, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге еңбекті қорғау талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орнында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру бағытында практикалық ұсынымдар берілді. Мұндай іс-шараларды өткізу өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге және кәсіпорында еңбек тәртібін нығайтуға ықпал етеді.