Адам саудасының алдын алу және еңбекке жегу құрбандарын анықтау

Адам саудасының алдын алу және еңбекке жегу құрбандарын анықтау

БҚО Полиция департаментімен бекітілген «Адам саудасының алдын алу жән мәжбүрлі еңбекке жегу құрбандарын анықтау бойынша ведомствоаралық мобильді топтың шығу кестесіне» сәйкес, ағымдағы жылдың 17 – 18 қараша күндері мобильді топтың құрамынде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Т.Туйгинбетовтың Шыңғырлау және Бөрлі  аудандарына шығулары ұйымдастырылды.

Аталмыш мобильді топтың мақсаты – ауылдық жерлерге шығып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және шаруа қожалықтарында, жайылымдарда, қыстауларда, станцияларда және т.б. орын алған мәжбүрлі еңбек фактілері туралы келіп түскен хабарламаларға жедел әрекет ету.

Шара аясында, Шыңғырлау және Бөрлі аудандары әкімдіктерінің, прокуратура және полиция бөлімдерінің қатысуымен, аумақтағы шаруа қожалықтары жетекшілеріне, мекеме, кәсіпорындар басшыларына арналған тиісті ақпараттық – түсіндіру жиыны өткізіліп, мәжбүрлі еңбек, сондай-ақ балалар еңбегін пайдалану фактілері бойынша үйлесімді қызмет жүргізу мәселелері талқыланды.