Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары

Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні, Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Д.А.Молдагалиевтің және Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры М.Е.Кабдоллиннің қатысуларымен құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстар өткізу мақсатында кезекті ақпараттық-түсіндіру жиыны өткізілді.

Аталмыш жиын барысында:

  1. Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері;
  2. Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау.

Жиын барысында аталмыш тақырыптар бойынша профилактикалық жұмыстар мен алдын алу мәселелері кеңінен талқыланып, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, діни бейтараптық ұстану және деструктивті діни ағымдардың ықпалына түспеу туралы айтылып, тиісті түсініктер берілді.

Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға ықпал етеді.