Ашық есік күні

Ашық есік күні

2025 жылғы 25 тамызда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ ұйымдастырған «Ашық есік күні» шарасына Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Рыскалиева қатысты.

Іс-шара барысында еңбек заңнамасына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтарға консультациялар берілді.

Сонымен қатар, ашық есік күні аясында азаматтарға адвокат, нотариус, жеке сот орындаушылары және медиация орталықтарының мамандары тарапынан да кеңестер ұсынылды. Келушілер заңгерлік, әлеуметтік және кәсіби бағыттар бойынша қажетті ақпарат пен нақты көмек алды.