2025 жылғы 8 тамыз күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А.Т.Досжановтың өңірдегі сақтандыру ұйымдарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуде жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға міндетті сақтандыру шартының болмауы заңнама талаптарының бұзылуы болып табылатыны және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді. Мұндай шарттарды жасау – қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудің және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастырудың маңызды қадамы.
Жұмыс берушілерге лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарымен міндетті сақтандыру шарттарын уақтылы жасасу, сондай-ақ оның бар-жоғын egov.kz порталы арқылы тексеру ұсынылады.
☎ Кеңес алу үшін байланыс телефоны: 8 (7112) 31-86-87