Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау сапалы жүргізілуі тиіс

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау сапалы жүргізілуі тиіс

Бүгін, 24 қыркүйек күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыстық басқарма басшыларымен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаевтың және облыс әкімі аппаратындағы Әдеп жөніндегі уәкіл А.Р.Хайруллинаның қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын-алу болып табылады.

«2019 жылдың аяғында басшылардың дербес жауапкершілігі заңмен бекітілді. Яғни, саяси қызметкер үшін отставкаға кетуі, ал әкімшілік мемлекеттік қызметкер басшылары үшін тәртіптік мәселесі қаралады. Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға ерекше мән берген жөн. Әр мемлекеттік мекеменің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізуі қажет» – деп атап өтті Р.С.Ақмырзаев.

Сонымен қатар Департамент басшысы Агенттіктің заңнамалық бастамаларының негізгі бағыттарына тоқталды.

Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы мен миссиясы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Шара соңында Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.