Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының білім беру мекемелерінде тиісінше орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, 2025 жылғы 18 маусымда мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ж.Батыров «БҚО Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, облыстағы білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға қалалық білім бөлімінің басшылығы, қалалық мектептердің директорлары мен есепшілері, Орал қаласының арнаулы орта оқу орындарының басшылары қатысты. Сонымен қатар, «Zoom» қосымшасы арқылы аудандық білім бөлімдерінің өкілдері онлайн форматта қосылды. Қатысушылардың жалпы саны 80-нен асты.
Кездесудің негізгі мақсаты – еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру болды. Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторы толық әрі жан-жақты жауаптар берді.
Мұндай кездесулерді өткізу білім беру саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзудың алдын алуға ықпал етеді.