Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.У.Туйгинбетовпен және Бөрлі ауданы прокурорының орынбасары А.Б. Нияровтың қатысуымен «Қазбургаз» АҚ-ның еңбек ұжымымен кезекті кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын бұзудың алдын алуға, сондай-ақ жеке және ұжымдық еңбек дауларын болдырмауға бағытталған.
Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек заңнамасының негізгі нормалары, еңбек дауларын сотқа дейінгі реттеу тәртібі, еңбек қауіпсіздігін сақтау және өндірістік жарақаттардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.