Ағымдағы жылдың 17 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.У.Туйгинбетов КПО б.в. компаниясының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазіргі заманғы өндірістік қатынастар: сын қатерлер мен шешімдер» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Шараның мақсаты – өндірістік қатынастар саласындағы негізгі мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және тиімді шешімдерді іздестіру.
Шара барысында, еңбек заңнамасының негізгі нормалары, еңбек дауларын сотқа дейінгі реттеу тәртібі, еңбек қауіпсіздігін сақтау және өндірістік жарақаттардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндріліп, пікір алмасылып, қатысушылардың тарапынан қойылған сауалдарға толық жауаптар берілді.