Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары

Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары

Ағымдағы жылдың 17 маусым күні, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне Дін мәселелерін зерттеу орталығының медиа және ақпараттық кеңістікті мониторингілеу бөлімінің басшысы Б.Қ.Адайханның, БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы – полиция майоры Д.М.Сатарованың және «AMANAT» партиясы» ҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, облыстық әйелдер қанатының төрайымы Г.Ж.Шайхиниязованың қатысуларымен құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстар өткізу мақсатында кезекті ақпараттық-түсіндіру жиыны өткізілді.

Аталмыш жиын барысында:

  1. Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау;
  2. Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу;
  3. Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар мен алдын алу мәселелері кеңінен талқыланып, тиісті заңнама талаптарына сәйкес түсініктер берілді.

Бұдан бөлек, Департамент басшысы А.Досжановпен жиынға қатысушыларға «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту аясында түсініктер беріліп, мемлекеттік қызметтегі заңдылық, жауапкершілік және тәртіп қағидаттары, қызметтік міндеттерді орындау процесінде заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығы және оларға қарсы күрес әдістері сияқты өзекті мәселелерге тоқталып, мұндай жиындардың мемлекеттік қызметтегі мәдениетті қалыптастыруға, қоғам сенімін арттыруға және қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерін тиімді атқаруға септігін тигізетінін атап өтті.

Мұндай  құқықтық оқытулар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.