Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларары талқыланды

Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларары талқыланды

Ағымдағы жылдың 13 маусым күні, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жауапты мамандарымен, сондай-ақ Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстар өткізу мақсатында кезекті жиын өткізілді.

Аталмыш жиын барысында:

  1. Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері;
  2. «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланып, тиісті заңнама талаптарына сәйкес түсініктер беріліп, бейнероликтер көрсетілді.

            Сондай-ақ, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен алдағы мереке күндері жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу жөнінде айтылып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі  туралы» Заңының 10-бабында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 6-тармағында көрсетілген міндеттер мен талаптарын қатаң сақтауға міндетті екендері ескертілді.

            Жиынды қорытындылай келе, Департамент басшысы А.Досжанов мұндай жиындардың, құқықтық оқытулардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып, қызметшілерді әдеп нормаларын сақтай отырып, Заң аясында уақытылы, сапалы жұмыс атқаруға шақырды.