Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша департаментінің жауапты мамандарымен, сондай-ақ Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстар өткізу мақсатында жиын өткізілді.
Аталмыш жиын барысында, мемлекеттік еңбек инспекторларына тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімімен (ЕРСОП), әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен (ЕРАП) және азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасымен (е-Өтініш) жұмыс барысында кездесетін түрлі мәселелер кеңінен талқыланып, тиісті заңнама талаптарына сәйкес түсініктер берілді. Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 49-бабында көрсетілген Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көзделген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға міндетті екендері қатаң ескертілді.
Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні, Мемлекеттік еңбек инспекторы Бөрлі ауданы прокуратурасымен бірлесіп, «Консорциум «Isker» ЖШС Ақсай қаласындағы филиалы ұжымында еңбек қауіпсіздігі талаптарын, оның ішінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау саласындағы өз міндеттерін сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге еңбек даулары орын алған жағдайда, оның құқықтық негізде шешілуі туралы және басқа да өзекті сұрақтар бойынша жауаптар берілді.
2025 жылдың 25 ақпан күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Жәңгірхан атындағы БҚАТУ университеті, Политехникалық институтының «Өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі» мамандығының 3-курс студенттеріне «Ашық есік» күні өткізілді.
Аталмыш шараның мақсаты – мемлекеттік органның жұмысымен таныстыру, еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты қоғамға түсіндіру және жастарға бағыт-бағдар беру.
Шара аясында студенттерді Департамент басшысы қабылдап, департамент жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Кездесу барысында пікір алмасылып, студенттер өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбек қатынастары мәселелері бойынша сауалдарына толық жауаптар алды.
2025 жылдың 21 ақпан күні «Еңбек шартын жасаңыздар!» шарасы аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары кезекті шағын бизнес саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған негізгі орындарда өткізілді, онда «еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын» жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша іс-шаралар талқыланды және еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарға және кәсіпкерлік субъектілеріне еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша жадынамалар таратылды.
Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні, мемлекеттік еңбек инспекторымен «Уральский трансформаторный завод» ЖШС ұжымында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ҚР Еңбек кодексінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары бөлігінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың 14 ақпан күні «Еңбек шартын жасаңыздар!» шарасы аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары кезекті шағын бизнес саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған негізгі орындарда өткізілді, онда «еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын» жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша іс-шаралар талқыланды және еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарға және кәсіпкерлік субъектілеріне еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша жадынамалар таратылды.
Ағымдағы жылдың 7 және 14 ақпан күндері, мемлекеттік еңбек инспекторларымен «Орал Таза Сервис» ЖШС және «A.Priori» ЖШС ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ҚР Еңбек кодексінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары бөлігінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 30 желтоқсан күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы «Қоғамдық келісім» МКК ұжымына еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі, жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері, еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу мәселелері бөлігінде еңбек заңнамасын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу қорытындысы бойынша еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша жадынамалар таратылды.
Ағымдағы жылдың 27 желтоқсан күні, мемлекеттік еңбек инспекторларымен «Хлебо-молочный комбинат №1» ЖШС және «Жайық таза қала» ШЖҚ МКК ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ҚР Еңбек кодексінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.