Жоспарланып отырған МЖӘ аясында туралы мүдде білдіру туралы хабарлама

Жоспарланып отырған МЖӘ аясында туралы мүдде білдіру туралы хабарлама

Кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында, сондай ақ Қазақстан Рспубликасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «мемлекеттік-жекешелік әріптестікжобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 12 тармағына сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-сі"П. Атоян атындағы стадионды сенімгерлік басқаруға беру"МЖӘ-нің жоспарланып отырған жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлайды.

Жобалық негізгі параметрлері:

Жобаның іске асыру орны: Батыс Қазақстан облысы,Орал қ., Рысқұлбеков көшесі 1/2.

Жобаның міндеті мен мақсаты: Жобаның мақсаты ағымдағы жөндеу арқылы оқу-жаттығу процесін және спорт жарыстарын ұйымдастыру бойынша сапалы жағдайлар ұсыну болып табылады.

Жоба аясында келесі міндеттер шешілетін болады:

1) спорт инфрақұрылымын жаңарту;

2) жасына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, азаматтарды елдің спорттық өміріне белсенді тарту;

3) республикалық деңгейде облыстық спорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

4) халықтың қалың жігі арасында спортты және спорттық өмір салтын танымал ету мақсатында ақпараттық жұмыс спектрін кеңейту;

5) оқу-жаттығу процесін және спорттық жарыстарды ұйымдастыру;

6) қолжетімді спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері нарығын кеңейту;

7) балаларды спорт секцияларымен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік әріптес:

"Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы"мемлекеттік мекемесі.

Жеке әріптесті айқындаудағы болжалды тәсілі:

Жеке әріптесті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі» туралы Заңның 31-бабына сәйкес  конкурс тәсілімен айқындайды.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі:20 жыл(2022-2042 ж.).

Жеке әріптес:

- футбол алаңына, жүгіру жолына және стадионға күрделі жөндеу жұмыстарды жүргізеді;

- МЖӘ объектісін пайдалану бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді.

- халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;

- стадиондағы спорт нысандарын үшінші тұлғаларға пайдалануға береді;

 

 

Соңғы ұсыныстар беру мерзімі  04.08.2022 дейін.

Анықтамалар үшін: «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-сі, мекенжайы: Орал қаласы, Досмухамедова көшесі, 45, каб 213, тел: +7 (7112) 50-43-45, электрондық пошта:u.sport@mail.ru, басқарма басшысының орынбасары Нығметуллин Жеңіс Махамбетұлы.