«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру туралы

«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру туралы

2022 жылы республикалық бюджет есебінен 380 маманға тұрғын үй сатып/салып алу үшін  1745,9 млн.теңге бюджеттік кредиттер қарастырылды. 2022 жылғы 1 шілдедегі орындалуы 909,8 млн.теңге, 202 маман алды. Жергілікті бюджет есебінен ауылдық елді мекендерге келген 785 маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін 556,1 млн.теңге қарастырылды, соның ішінде көтерме жәрдемақыға 243,2 млн.теңге. 1 шілдеге орындалуы 293,6 млн.теңге, соның ішінде көтерме жәрдемақы 199,5 млн.теңге, 649 маман алды.

Тұтастай алғанда, 2009 жылдан бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейін ауылға 8169 маман келді, соның ішінде білім саласы мамандары-5511, денсаулық сақтау-1526, әлеуметтік қамсыздандыру-118, мәдениет-522, спорт-212, агроөнеркәсіп кешені-257 және 23-мемлекеттік қызметкерлер. Әлеуметтік қолдау шараларына 2968,8 млн.теңге төленді.

Жалпы сомасы 13801,9 млн.теңге болатын бюджеттік кредиттерді әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешені салаларының 4328 маманы алды.

http://tdk42.kz/ru/specialprojects/vremya-govorit-22-07-2022/