Батыс Қазақстан облысы бойынша жобалық кеңсе құру туралы

Батыс Қазақстан облысы бойынша жобалық кеңсе құру туралы

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес (2020 жылғы 24 қаңтар) Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2021 жылғы 5 наурыздағы №48-өкімімен "Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің базасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқару кеңсесі құрылды.

Облыс бойынша бес базалық бағыт анықталды:

  1. Адами капитал;
  2. Инфрақұрылымды дамыту;
  3. Кәсіпкерлік және индустрия;
  4. Агроөнеркәсіптік кешен;
  5. Мемлекеттік сектор, мемлекеттік қызметтер және қауіпсіздік.

Бүгінде жобалық кеңсенің құрамына 15 басқармадан жауапты орындаушылар анықталды және төтенше жағдайлар депаратаменті.

Ұлттық жобалық кеңсеге жұмыс тәртібінде бірыңғай жобалық кросс-платформада жұмыс істеу үшін қызметкерлердің тізімі ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен басқармалардың және Төтенше жағдайлар депаратаментінің мамандарын жобалық басқару негіздеріне оқыту келісілді.

Жобалық менеджментті дамыту орталығының базасында апта сайын SCRUM (СКРАМ) кестесі бойынша онлайн режимде кездесулер өткізіледі.

Сондай-ақ, апта сайын өңірлердің практикалық дайындығына бағалау жүргізіледі.