Басқарма ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты

Басқарма ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты

2026 жылғы сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Стратегия және экономикалық даму басқармасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбіліктерге белсене қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл ауқымды шара қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған.
Акция барысында Басқарма ұжымы бекітілген аумақтардағы санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді. 
Мұндай іс-шаралар өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, ұжымның бірлігін нығайтуға және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға септігін тигізеді.
Басқарма ұжымы барлық өңір тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға және экологиялық бастамаларды қолдауға шақырады.

Тазалық — өзімізден басталады!