Ашық есік күні

Ашық есік күні

5 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының Стратегия және экономикалық даму басқармасында «Ашық есік күні аясында мемлекеттік органдарға экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара шеңберінде Орал қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары басқарма қызметімен танысты. Оқушыларға Батыс Қазақстан облысының өңірлік дамуы, оның ішінде ауылдық елді мекендердің даму бағыттары мен осы салада іске асырылып жатқан бағдарламалар, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Кездесу мазмұнды әрі қызықты өтті. Оқушылар өңір экономикасына қатысты сұрақтарын қойып, болашақ жоспарларымен бөлісті.
Іс-шара қорытындысы бойынша оқушыларға сертификаттар табысталды.