
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке инвестициялар тарту жүйесін түбегейлі жаңарту, оның ішінде нақты секторды қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту арқылы іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды. Қазақстанда банк активтері мен капиталы дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе тиімді. Ұлттық банкпен Үкіметі банктердің еркін өтімділігін экономикалық айналымға тартудың пәрменді құралдарын табуы тиіс деп айтылды. Экономиканың технологиялық өзгерістері мен қажеттіліктерін ескеретін Банктер туралы заң қабылданатын болады. Онда бәсекелестікті күшейту және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту жолдары, сондай-ақ финтехті ілгерілету және цифрлық активтер айналымын ырықтандыру мәселелері көзделетін болады. Болашақта банктер тартымды жобаларға мүдделі болады және бәсекелестік шарттарда экономиканың нақты секторын бизнес үшін тиімді шарттар мен кредиттейді деп сенеміз. Бұл өз кезегінде соңғы өнімге әсер етеді: түпкілікті өнімінің өзіндік құнының және инфляцияның төмендеуі,халықтың әл-ауқатының артуы.