Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев облыс имамдарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев облыс имамдарымен кездесті

2025 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М. Отарбаев өңірдегі имамдармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген қоғамдық мәселелері, соның ішінде рухани даму мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған бастамалары кеңінен талқыланды.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қ. Меңдіғалиев, мемлекеттік органдардың басшылары, дін саласының мамандары қатысты.

Кездесу барысында Ұлттық құрылтайда айтылған бес негізгі бағытқа тоқталып, дін мен дәстүр сабақтастығының қазақ халқының рухани тұтастығы мен ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы рөлі атап өтілді. Сондай-ақ, дін саласына қатысты құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктерді жетілдіру мәселелері сөз болды.