Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 30 сәуірде Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Ортақ құндылықтар — өзара диалогтың іргетасы» тақырыбында облыстық діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысын өткізді. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Мендигалиев қатысты.

Кіріспе сөзінде Қ.Е.Мендигалиев Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты католик қауымына және Орал епархиясының архиепископы Антонийдің өмірден озуына байланысты православ қауымына көңіл айтты.  Жиын барысында дін саласындағы өзекті үрдістер, соның ішінде конфессияаралық диалог, рухани құндылықтарға деген қызығушылықтың артуы және діни ұйымдардың қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі талқыланды.

Қалалық прокуратура бөлімінің аға прокуроры А.С.Байғалиев қаржылық алаяқтықтың артуы, оның қаупі мен салдары туралы баяндама жасап, әсіресе қарт адамдарды алаяқтық схемалардан қорғау үшін қолжетімді ақпараттық арналарды пайдалануға шақырды.

Кездесу барысында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі де сөз болды, оның тұжырымдамасының негізгі ережелері қаралды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында діни бірлестіктермен бірлесіп сенбілік өткізу ұсынысы айтылды.

Клуб отырысы бейресми жағдайда өтті, мазмұнды әрі маңызды пікір алмасуға толы болды. Облыстық Клуб — түрлі конфессия өкілдері арасында диалог орнатуға, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға арналған алаң болып табылады.