Оралдағы XVII республикалық дінтанушылар пәндік олимпиадасы

Оралдағы XVII республикалық дінтанушылар пәндік олимпиадасы

2025 жылғы 17 сәуірде Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бастамасымен «Дінтану» мамандығы бойынша студенттер арасында XVII Республикалық пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды.

Олимпиаданың мақсаты – өңірдегі діни ахуалдың күрделілігін ескере отырып, студенттердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту және батыс өңіріне білікті дінтанушыларды тарту.

Байқауға «Дінтану», «Исламтану» және «Теология» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерден құралған командалар қатысты. Атап айтқанда, олимпиадаға еліміздің алты жоғары оқу орнынан командалар келді:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Қазылар алқасының құрамында белгілі ғалымдар мен тәжірибелі дінтанушылар болды: профессор Досай Кенжетай, қауымдастырылған профессор Айымжан Рыскиева, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышқан, дінтанушы Темірлан Мұратов, аға оқытушылар Темур Аманқұл, Досым Байбосынов, Ернар Абзал, Қасқырбек Қалиев, Айбек Бисенов және Жанболат Тологон.

Олимпиада студенттер арасында тәжірибе алмасу алаңына айналып, жас дінтанушылардың кәсіби дамуына серпін берді.

Командалық есеп бойынша жеңімпаздар:

  • І дәрежелі диплом – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • ІІ дәрежелі диплом – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • ІІІ дәрежелі диплом – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университет

 «Үздік білімгер» жеке білім сайысы  бойынша жеңімпаздар:

  • І орын – Сүлейменова Әсем (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
  • ІІ орын – Тамырбаева Мөлдір (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
  • ІІІ орын – Оразбеков Мейіржан (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)

Сертификат иегерлері:

  • Әден Балжан – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті
  • Тоқай Айым – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Зияудин Әбдумүтәліп – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Алғыс хатпен марапатталғандар:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті