Ашық есік күні

Ашық есік күні

2025 жылдың 16 сәуірінде өткен «Ашық есік күні» аясында облыстық дін істері басқармасында ерекше қонақтар болды. Олар Орал қаласында өтетін дінтанушылардың XVII Республикалық олимпиадасына қатысушы студенттер.
Кездесудің басты мақсаты — дінтану мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттер арасында тәжірибе алмасу және болашақта өңірге білікті мамандарды тарту.
Іс-шараға еліміздің дінтану, исламтану және теология салалары бойынша мамандар даярлайтын алты жоғары оқу орындарының, яғни әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында студенттер мемлекеттік органның қызметімен танысып, дін саласындағы мемлекеттік саясат пен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы кеңірек мәлімет алды.